• Басты
  • Астанада Қарулы Күштердің құрылуы мерейтойына арналған парад 7 мамырда өтеді
27 Наурыз, 2017 18:24

Астанада Қарулы Күштердің құрылуы мерейтойына арналған парад 7 мамырда өтеді

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада Қарулы Күштердің құрылуы мерейтойына  арналған парад 7 мамырда өтеді | Strategy2050.kz

Сонымен, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында Астана қаласында өтетін әскери парадты сапалы ұйымдастыру және оны өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше болуы тиіс.Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда. Көзтартарлық шеруге 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылатын болады.

Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалап, өз бағаларын бере алады. Парадтың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілгеннен кейін алғаш рет барабаншылардың (дауылпазшылардың) құрама ротасында өнер көрсететін «Жас ұлан» төрт әскери мектептің тәрбиеленушілері, аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен Әскери-техникалық мектептің әскери автомобильді техникасында алаңда жүріп өтетін Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің шәкірттерін қатыстыруға тарту болып табылады. Аталмыш іс-шараның негізгі түйіні әлі құпия ретінде сақталуда.

Алайда, Қарулы Күштерде әскери қызметшілерді іріктеу және техниканы дайындау басталып та кетті. Әскери парад – бұл мерекелік және көзтартарлық іс-шара ғана емес, ол төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету.

Бұдан бұрын Қазақстанда өткізіліп жүрген әскери парадтардың әрқайсысы өзінше айрықша және есте қаларлық болып келеді. Соңғы жылдары өткізіліп жүрген парадтардың ішінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған 2015 жылғы парад болды. Оның тарихи және заманауи бөлігінде Ұлы Жеңістің мұрагері ретінде ҰОС жылдары мен қазіргі заманғы қазақстандық армияның әскери техникасының үлгілері ұсынылды.


 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды