- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК-да мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді
ҚР ОСК-да мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді
«Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі – қалалық және 119-ы – аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті», - деді Владимир Фоос.
62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы – өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді.
Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді.Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады.
2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді.Сайлаушылардың келуі 77,83 % құрады.
«Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды», - деді ол.
Ол айтып өткендей, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.
«Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам.Орташа жас – 46,5 жас. Ең жас депутат (22 жас) Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланды. Ең үлкені (64 жас) – Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде», - деді ол.
Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) – арнаулы орта.
3 (5,3 %) – әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды»