- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар жыл басынан бері 43 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы алды
Қазақстандықтар жыл басынан бері 43 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы алды
27 Наурыз, 2017 15:03
2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда.
Аталған кезеңдегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа көлемі: мүгедектік тұрғысында – 32 мың 28 теңге; асыраушысынан айырылған жағдайда – 28 мың 770 теңге; жасына қарай – 12 мың 719 теңге.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, елімізде № 1 және № 2 тізімдері аясында мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар саны 20,6 мыңды көрсетуде.
Ағымдағы жылдың басынан есептегенде, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемі тиісінше 21 мың 374 теңгеге және 19 мың 15 теңгеге көтерілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай