- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?
Министрдің айтуынша, мемлекет реттеу жүйесінде айтарлықтай қорытындыға жетті, барлық жүйені жеңілдету мен рұқсат беру құжаттарын қысқарту жолы 50 пайызға жетті, ол 196 рұқсат беру қағазын құрады. Қазіргі таңда рұқсат беру қағаздарының саны 316-ны құрады.
«Бүгінде монополист-кәсіпкерліктер мен квазимемлекеттік кәсіпорындар берген рұқсат беру өсімі артуда. Қағазды үйлестіру тәртібі болмағандығы байқалып отыр. Тәртіптің болмауы кәсіпкерлер үшін қиындықтарды туғызады», - деді Т.Сүлейменов.
Кәсіпкерлікті дамыту әкімшілік кедергілердің бірі ақпараттық құралдардың көп болуы, заңнама бойынша тіркелген кәсіпкерліктің анықтамаларының болмауы.
«Кез келген есептілік – әкімшілік кедергі, ол бизнес шығынын арттырады. Мәселен, есептік пішін бойынша есептерін толтыратын қызметкерлердің еңбегінің ақысын, нормативтік-құқықтық базасы мен сыртқы ішкі мекеме қызметкерлерінің консултацияларын төлеу», - деді Т.Сүлейменов.
ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, бұл орайда ақпараттық құрылғыларды реттеу бойынша жұмыс басталды. 2016 жылы жұмыстың жартысы жүргізілді, қорытындысында 1200 рұқсат беру қағазы кәсіпкерлерге берілді.
Елбасының тапсырмасын орындау бойынша Парламент Мәжілісінің қолдауы бойынша соңғы екі жылда елде кәсіпкерлік қызметі айтарлықтай жақсарды.
Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін 8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде 6,3 млн жалданған жұмыскерлер, 2,1 млн өзін-өзі қамтығандар, 441 мыңы жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны 1,1 млн бірлікті құрады, олар 9 айда 11,2 трлн теңгенің өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де 24,9 пайызды құрады.
Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады