- Басты
- Жаңалықтар
- Шағын және орта бизнеске 18 млн теңгеге дейін несие беріледі
Шағын және орта бизнеске 18 млн теңгеге дейін несие беріледі
«Бағдарлама кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға, өз ісін дөңгелетуді ауылдық жерде ашуға жағдай жасайды. Бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін шағын несиелеу көлемі кеңейтілді, мемлекет тарапынан кепілдендіру мүмкіндігі берілді», - деді Т.Сүлейменов.
Оның айтуынша, аталмыш шаралар қаржыландыру тапшылығы мен ауылдық жерде қамсыздандыру проблемаларын шешуге бағытталған.
«Бағдарлама аясында шағын несиелер 8 мың АЕК (18 млн теңге) көлемінде 7 жылға беріледі, түпкілікті сыйақы ставкасы 6 пайызды құрайды. Несиелеу нарығында шағын несие құны 22 пайыздан 35 пайызды құрайтынын ескерсек, бағдарлама аясындағы несие бизнес жобаны жүзеге асыруда әлдеқайда тиімді болып табылады. Қалаларда шағын несиелер «Даму» АҚ, ауылдық жердлерде «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ арқылы беріледі», - деді министр.
Айта кетейік, елдегі экономикалық белсенді халық 8,9 млн. адамды құрайды. Олардың ішінде 6,3 млн адам жалдамалы жұмыскерлер, 2,1 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 447 мың адам жұмыссыз халық.
Ел халқының жалпы санының 3 миллионнан астамы шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,1 млн бірлікті құрады. Олар 9 айда 11,2 трлн теңге сомаға өнім шығарды.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады