- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады – Сүлейменов
Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады – Сүлейменов
«Елдің экономикалық белсенді бөлігін 8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде 6,3 млн жалданған жұмыскерлер, 2,1 млн өзін-өзі қамтығандар, 441 мыңы жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны 1,1 млн бірлікті құрады, олар 9 айда 11,2 трлн теңгенің өнімін шығарды», - деді Т.Сүлейменов.
Министр айтып өткендей, шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де 24,9 пайызды құрады.
Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.
«Қарапайым есепте көрсетіп отырғандай, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үшінші бөлімі қазірдің өзінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау формалды түрде кәсіпорындар санының өсуі есебінен емес, жұмыс істеп тұрған бизнес, шығаратын өнімнің, көрсететін қызметтің сапасын арттыру арқылы орындау қажет", - дейді министр.
Министр айтып өткендей, жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған халықатың негізгі бөлігі ауылдық жерде бизнесті енгізу туралы ақпараттың аз меңгеруіне байланысты болып отыр. Олар өз жобаларын мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеңілдікті бағаға ілгерілендірудің жүйесімен толық таныс болмай отыр.
«Аталмыш проблеманы шешу кәсіпкерлік қолдау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы іске асырылмақ. Бірінші кезекте, ол Тиімді жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлік, Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы-2020», экономиканың шынайы секторын қаржыландыру туралы шаралар», - деді Т.Сүлейменов.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар