- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның байланыс орталығы халықаралық марапатқа ие болды
Қазақстанның байланыс орталығы халықаралық марапатқа ие болды
Мәскеуде өткен XIII марапаттау рәсімінде 34 номинация бойынша жеңіске қол жеткізген ұйымдарға «Хрустальная гарнитура» марапаты табысталды.
«Хрустальная гарнитура» - байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы беделді және кәсіби наградалардың бірі болып саналады, 2005 жылдан бері үздік байланыс орталықтарына табысталып келеді. Бірнеше кезеңнің қорытындысы және сарапшылардан құралған әділ қазы мүшелерінің қорытынды дауыс беруі бойынша номинация жеңімпазы анықталады.
Call Center Guru кәсіпқой мамандар қауымдастығымен құрылған жыл сайынғы байқауға Ресей, Украина, Қазақстан, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және басқа да мемлекеттерден 100-ден астам байланыс орталықтары қатысады. Аталған кәсіби конкурс байланыс орталықтары индустриясында ең салмақты және беделді кәсіби байқау, әрі халықаралық мойындауға ие марапат болып саналады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығының директоры Анар Ұлманованың айтуынша, Қазақстанның мұндай халықаралық байқаудың номинацияларының бірінде ерекше сыймен аталып өтуі жобаның бүкіл ұжымы үшін ерекше мақтаныш, әрі бұдан әрі жұмыс жасауға ынта беретін себеп болып табылады.
Естеріңізге салсақ, 2011 жылдан бері еліміздегі тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультация беру еліміздің кез келген аймағынан кез келген телефоннан 1414 және 8-800-080-777 тегін нөмірлері бойынша тәулік бойы көрсетіліп келеді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері