Талдықорғанда 50 отбасы пәтер кілттеріне ие болды

18 Желтоқсан, 2013 17:50
Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған қаласының 50 жанұясы пәтер кілттеріне ие болды, деп Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

« Салтанатты шарада пәтер кілттерін облыс әкімі Аңсар Мұсаханов табыс етті. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Жақында тағы 60 пәтерлік үйдің қолданысқа берілетіндігі тілге тиек болды», - делінген хабарламада.

Пәтер кілттеріне ие болғандар: мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына алаңдарымен жабдықталған пәтерлер берілді.

Айта кетерлігі, «Алақам» ЖШС құрылысшылары «Талдықорған қ. құрылыс бөлімі» ҚБ тапсырысы бойынша пәтерлерді қолданысқа уақытынан бұрын ұсынды.

 

 

Барлық жаңалықтар