- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: ҰҚШҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі
Қ.Тоқаев: ҰҚШҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі
26 наурызда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ПарламенттікАссамблея Кеңесінің отырысы болды. Оның күн тәртібі Ұжымдық қауіпсіздік шартының қол қойылуының 25 жылдығына, ҰҚШҰ-ның құрылуының 15 жылдығына және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрылуының 10 жылдығына арналды.
Қ.Тоқаев өз сөзінде ҰҚШҰ-ны Еуразиядағы әскери-саяси тұрақтылықтың маңызды факторы болып отырған беделді халықаралық құрылым ретінде сипаттады. Төраға «ҰҚШҰ әлеуетін және біздің Ұйымаясындағы әріптестікті нығайту Қазақстан Республкасының мүдделеріне толықтай сай келеді, сондықтан оның қызметін үдетуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар енгізген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында болып отыр», – деп атап өтті.
Қ.Тоқаев жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі ретінде ҰҚШҰөз рөлін нығайтуы тиіс деп санайды.
«Белсенді ынтымақтасу мен өзара іс-қимылсыз халықаралық терроризмге қарсы бірлесе қарсы тұру, Ауғанстанды тұрақтандыруға жәрдемдесу, ұзаққа созылған текетірестерді реттеу және жалпы алғанда қауіпсіздік, қарусыздану және сенім шаралары мәселелері бойынша ауқымды диалог мүмкін емес», -деді ол.
Қ.Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуге, біздің мемлекетіміздің заңнамасын жақындастыру мен үйлестіруге бағытталған ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының қызметіне жоғары баға берді. Ол Қазақстан Парламенті ҰҚШҰ аясында қол қойылған барлық келісімдерді уақытында ратифициялағанын атап өтті. Сенат Төрағасы Қазақстан делегациясы парламенттік дипломатияны нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.
ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысында Ұйым қызметінің қорытындылары мен келешегі, оның ішінде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының халықаралық парламенттік құрылымдардағы қызметін одан әрі үйлестіру мәселелері қаралды. 27-28 наурызда Қазақстан делегациясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен Халықаралық терроризммен күрес жөніндегі парламенттік конференция құрылымдарының жұмысына қатысады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы