• Басты
  • Біздің негізгі мақсатымыз - өзіміздің ұлттық фольклорымыз – якутиялық ансамбльді мәңгі есте қалдыру (ВИДЕО)
25 Наурыз, 2017 16:05

Біздің негізгі мақсатымыз - өзіміздің ұлттық фольклорымыз – якутиялық ансамбльді мәңгі есте қалдыру (ВИДЕО)

Астанадағы «Шашу» халықаралық өнер фестиваліне Саха Республикасында орналасқан Верхневилюйск ауылының балалар музыкалық ансамблі қатысуда. Шығармашылық ұжым Якутияның ұлттық игілігін көрсететін өздерінің дәстүрлі нөмірлерін дайындады.

Біздің негізгі мақсатымыз - өзіміздің ұлттық фольклорымыз – якутиялық ансамбльді мәңгі есте қалдыру (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

Верхневилюйск балалар өнер мектебі фольклорлық ансамблінің жетекшісі Айталина Мойтохонованың айтуынша, мектеп көп жылдар бойы балаларды вокалдық өнерге үйретіп келеді.

«Біздің мектебімізде жеті бөлімше бар, басты бөлімшелердің бірі фольклорлық бағыт болып табылады. Біз үлгі тұтарлық «Кылыhах» ансамблі деп аталамыз және халық әндерін орындаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз - өзіміздің дәстүрлі фольклорымызды мәңгі есте қалдыру. Біз балаларға «Олонхо» дәстүрлі эпосын және дәстүрлі халық әндерін үйретеміз», – деп атап өтті А. Мойтохонова.

«Шашу» фестивалінде ансамбль якутия халық әндерінен попурри орындайды.

«Барлық түркі тілдес халықтар сияқты біз де жылқыны қасиетті деп санаймыз, сол себепті жылқы туралы композиция әкелдік. Бізге Астана өте ұнады. Бізді қазақ халқы өте жақсы әрі жылы қарсы алды. Біздің ауылымыздан Якутияның астанасына дейін машинамен 17 сағат жүріп, Мәскеуге дейін тағы 6 сағат ұшу керек, сонда 9 сағат демалдық. Астанаға үш сағатта жеттік. Балалардың ата-аналары өз балалары үшін алаңдайды, біз олармен күнде сөйлесеміз, Астанада не көргенімізді айтамыз. Балаларға «Хан Шатыр» өте қатты ұнады. Бүгін қала бойынша саяхатқа жиналып жатырмыз. Астана өте әдемі әрі таза қала екен, адамдары да жақсы», – деді ол.

Қонақтың айтуынша, кәсіптік мектеп балаларды бес жыл үйретіп келеді.

Ақбота Күзекбай

Видео Арман Мұхатов

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды