- Басты
- Жаңалықтар
- «Шашу» фестивалі ересектер арасынан да талантты адамдарды іздемек – Т.Рахат (ВИДЕО)
«Шашу» фестивалі ересектер арасынан да талантты адамдарды іздемек – Т.Рахат (ВИДЕО)
Т. Рахат айтып өткендей, осы ауқымды мәдени іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларды Қазақстанның мүсіндік байлығымен таныстыру және басқа елдермен тәжірибе алмасу.
«Қазақстанда өз шығармашылығын шет елдерде көрсетіп жатқан ұжымдар өте көп. Байқаудың абсолюттік жеңімпазын 13-20 мамырда Анталья қаласында (Түркия) өтетін «International art festival» фестиваліне қатысу күтеді. Сондай-ақ, фестиваль лауреаттарына «International art festival» фестиваліне қатысуға 20 және 50% жеңілдік берілетін сертификаттар табысталады», – деп нақтылады Т. Рахат.
Биыл іс-шараға Ресей Федерациясы (Новосибирск), Қырғызстан, Саха Республикасы қатысуда. Фестивальға қатысуға Өзбекстан Республикасы да ниет білдірді.
Ұйымдастырушы қатысушылардың жас санаттары туралы да айтып өтті – болашақта жас шектеулерін алып тастау жоспарланып отыр.
«Бүгінгі фестивальдарға қатысу үшін жас шектеулері қойылған. Біздің алдағы жылдарға қойып отырған міндетіміз – жас шектеулерін алып тастау. Себебі бұл өнер фестивалі, оған барлығы қатысуы тиіс. Осы міндет бойынша жұмыс жасап жатырмыз және алдағы уақытта ересектер арасынан да таланттыларды іздейтін боламыз. Бұл өте қызықты болады деп ойлаймын», – деп бөлісті ұйымдастырушы.
Ақбота Күзекбай
Видео Арман Мұхатов
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды