- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Шашу» халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада «Шашу» халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Фестивальға қатысушылар «вокал» (эстрадалық, халық, академиялық), «хореография» (халық биі, халықтық-стильдік би, заманауи және эстрадалық би, балалар хореографиясы), «аспаптық жанр» (соло, ансамбль және оркестрлер), «халық әні» (халық әндерін өз сүйемелдеуімен орындау) сияқты төрт жанрда өз өнерлерін көрсетпек.



Бүгін осы үлкен байқаудың бірінші күні өтті және көрермендер мен қазылар алқасының назарына «хореография» жанры бойынша қатысушылар, әр түрлі өңірлерден келген 35 би үйірмесі өз өнерлерін көрсетті.





Қазылар алқасы қимыл техникасын ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың жалпы әлеуетін бағалады. Қазылар алқасының құрамында белгілі өнер қайраткерлері, Қазақстанның құрметті мәдениет қызметкерлері және отандық эстрада жұлдыздары болды.


Ұйымдастырушылар хабарлағандай, байқаудың мақсаты - әр түрлі елдерден келген балалар мен жастар арасындағы достық және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, көркемөнер шығармашылығын қолдау және дамыту, шығармашылық ұжымдар арасында тәжірибе мен жетістіктер алмасу, мерекелік атмосфера жасау, қатысушыларды Қазақстанның мәдени байлығымен таныстыру.



Фестиваль 29 наурызға дейін созылады. Байқау соңында Гала-концерт және жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтетін болады. Гран-при кубогын жеңіп алған қатысушылар бастапқы жарнасыз қатысу құқығына ие болады.



Ақбота Күзекбай
Фото Арман Мұхатов
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды