- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық сарапшылар: Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына уақытынан бұрын кіруі мүмкін
Халықаралық сарапшылар: Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына уақытынан бұрын кіруі мүмкін
Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Швейцария мен өзге де елдердің Ресей Экономикалық стратегия институтының ғылым академиясы базасындағы халықаралық сарапшылар тобы жыл сайын орыс, ағылшын және қытай тілдерінде 100 елдің Жаһандық интеграциялық қуат рейтингін шығарады.
Профессор Александр Агеевтың айтуынша, көптеген әлемдік рейтингтер белгілі бір экономикалық көрсеткіштерге негізделді. Ал Жаһандық интеграциялық қуат рейтингі алдыңғы қатарлы математикалық модель мен экономикалық индикаторларға сүйенеді. Соның ішінде ішкі саяси тұрақтылық, ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздік, бедел мен мемлекеттік көшбасшы ықпалы мен олардың халықаралық ареналардағы бастамалары қамтылған.
Профессор Агееевтің айтуынша, Жаһандық интеграциялық қуат бойынша Қазақстан 34-інші орыннан көрінеді.
Оның айтуынша, Қазақстан осы жолда айтарлықтай экономикалық белестерді бағындырған, тұрақты, егеменді ел болған.Оған басты себеп Мемлекет басшысының көрегенді саясаты көрінеді.
Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаев билігіндегі 22 жылдық даму нәтижесі қоғамның барлық саласында оң әсерін әкелді.
Сонымен қатар, ол бұл жетістіктерге жетудің кепілі ретінде ұзақ мерзімді жоспарлау мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы екенін де айта кетті.
«10-15 жыл бұрын Қазақстанды осы рейтингте 34-інші орында тұрады деп елестету мүмкін емес еді. Біздің сараптамаға сай, 2025 жылы Қазақстан 10 орын жоғарылап, 24-інші орынға жететін болады»,- деді Р. Мэтьюз.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан жоғарғы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, әлемдік рейтингтерде топ жарған мемлекеттердің қатарынан көрінеді.
Аталмыш монографияға сәйкес, Қазақстан «Қазақстан-2050» Стратегиясын уақытынан бұрын тәмамдауға әбден қауқарлы екенін айтты профессор.
«Зерттеулер қорытындысына сай, Қазақстанда дамыған 30-дыққа енуге барлық жағдай бар. Біздің алдын ала болжам бойынша, осы қарқынмен кете берсе, Қазақстан 2025 жылы-ақ аталмыш мақсатты бағындырмақ», - деді Р.Мэтьюз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді