- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады
Ақтауда шағын және орта бизнес үшін индустриялық аймақ құрылады
Индустриялық аймақтардың негізгі қызметі өнеркәсіп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесуге, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру және кеңейту шығындарын оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.
Бұрынғы зауыт алаңы шағын және орта бизнес нысандарын орналастыру үшін пайдаланылатын болады. Өндірістік нысандардың жабдықталуы және ғимарат құрылысы үшін алаңдағы жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлер үшін тоқтап тұрған, жұмысы тұрып қалған немесе жұмыс істемейтін кәсіпорындар сатылуға немесе жалға беруге дайын.
Қазіргі уақытта индустриялық аймақ жоспарланып отырған аумақта өз қызметін бастауға 30-ға жуық компания ниет білдірді.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов индустриялық аймақты бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік жобалармен толтыру және дайын өндірістік алаңдарды қажетті дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облысының әкімдігіне, «Каспий» ӘКК» ҰК» мен «Атамекен» ҰКП-ға нақты тапсырмалар берді.
Бұл аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік ашады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады