- Басты
- Жаңалықтар
- Мальта Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын
Мальта Қазақстанмен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын
Кездесуде тараптар әр түрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. С. Нұртаев Қазақстанның Мальтамен сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін ашуға мүдделі екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат туризм және білім саласындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін де атап өтті.
Әңгіме барысында елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі туралы айтып берді.
С. Нұртаев «Нұрлы жол» бағдарламасы және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде экономиканы әртараптандыру бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар, инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ жекешелендіру процесі туралы ақпараттандырды. Елші Қазақстанның халықаралық бітімгерлік бастамалары туралы да айтып берді.
Мари-Луиз Колейро Прека Қазақстан-Мальта екіжақты ынтымақтастығының одан әрі нығаюын тілеп, Мальтаның Қазақстанмен барлық сала бойынша өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға дайын екенін жеткізді.
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері