Молдова Қазақстанмен ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға ниетті (ФОТО)

24 Наурыз, 2017 19:28
Кишинев қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Самат Ордабаев Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Құттықтау сөзінде И. Додон Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты ары қарай нығайтудағы молдовалық тараптың құлшынысын білдірді.

Ол агроөнеркәсіп кешені, еуроазиялық көлік дәліздерін қалыптастыру, ғылым және білім, туристтік салалардағы қазақстандық-молдовалық ынтымақтастықтың келешегі туралы баса айтты.

Кездесудің соңында Молдованың Мемлекет басшысы Президент  Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізуді сұрады.

 

Барлық жаңалықтар