Қазақстан елшісі Аргентина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

24 Наурыз, 2017 20:06
Қазақстанның Бразилия және Аргентинадағы елшісі Қайрат Саржанов Аргентина Республикасының Президенті Маурисио Макриге сенім грамоталарын тапсырды.

Елші аргентиналық  мемлекет басшысын  Қазақстанда жасалып жатқан саяси жаңарулар мен экономикалық жаңғырту  туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде  Аргентина Президенті  елге мемлекеттік бағдарламалар мен басқару жүйесінің тиімділігін арттыруын тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан елшісі  Аргентинаның  сыртқы істер мен культ министрі Сусана Малькоррамен кездесті. Тараптар  екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалықтар