- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 150 дәрінің бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді
ОҚО-да 150 дәрінің бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, мұндағы келісімге сәйкес 150 түрлі препараттың құны жыл соңына дейін өзгермейтін болады.
Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшылары қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болады.
«Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Өйткені бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау білдіріп, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кетейік, бұл жолғы келісім облыстағы фармацевтік мекемелер мен дәріханаларда сатылатын дәрілік заттарды тұрақты бағада ұстауға, сонымен қатар бағаның негізсіз көтерілуінен тұтынушылар құқығын қорғау және әлеуметтік алаңдаушылықты болдырмауға арналды.
Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісімшарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ ол дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында да атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам екендігін атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша