- Басты
- Жаңалықтар
- Өзбекстан Астанадағы бизнес форумға қандай тауарлар жеткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Өзбекстан Астанадағы бизнес форумға қандай тауарлар жеткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері екіжақты келіссөздер өткізіп, өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын таныстырды.


Көрмеде қазіргі заманғы киім-кешек көрсетілді. Мәселен, «Ideal» фирмасы Өзбекстан аумағында киім шығаратын ірі өнеркәсіптің бірі. 2006 жылдан бастап тігін фабрикасы жоғары сапалы ерлер киімін тігуге көшті.


Шарада «Bofanda» Самарқанд тоқыма фабрикасы таныстырылды, ол 50 жыл бойы тоқымамен айналысып келеді.
«Namangan Momiq Sochiqlari» ААҚ компаниясы «Art Soft Tex» брендімен танымал, 100 пайыз өзбек мақтасынан жасалған орамалдар, халат, жамылғыларды шығарады.

«СовпластИтал» АҚ фарфор, керамика, түсті айна, шығыс сувенирі мен әшекей мен картиналарды шығарады.



«O’zbekoziqovqatxolding» Холдинг компаниясы» АҚ көкөніс пен жеміс-жидек өндіреді. Компанияда өнімнің 70 түрі бар, олар 100 пайыз табиғи болып табылады. Көп жеміс ашық күн астында піседі. Өсіру кезінде биологиялық тыңайтқыштар қолданылады. Өнім 50 елдің нарығында сұранысқа ие.

Форумда кептірілген көкөніс пен жеміс-жидек таныстырылды. Қызығушылық танытқан консервіленген ташкенттік палау болды.


«O’zbekoziqovqatxolding» Холдинг компаниясы» АҚ көрмеде шараптың түрлері мен сусындарды таныстырды.

«Ангренский трубный завод» АҚ унитарлық кәсіпорны, «Алмалыкский ГМК» АҚ заманауи технологияларды қолдану арқылы жезді құбырларды шығарумен айналысады.


Өзбек компаниялары косметика, медиуоменттер мен жөндеу жұмыстарына арналған құралдарды таныстырды.















Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері арасындағы келіссөздер В2В форматында өтті. Қорытындысында бизнес форум алаңында 840 млн доллардың 92 құжатына қол қойылды.

Қайрат Жандыбаев, Ақбота Күзекбай
Суреттерді авторлар ұсынды
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады