- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ медициналық сақтандыру саласына жеке клиникалардан мамандарды тартуды ұсынды (ФОТО)
ДСМ медициналық сақтандыру саласына жеке клиникалардан мамандарды тартуды ұсынды (ФОТО)
Министр айтып өткендей, клиникалардағы кезекті бірыңғай тізімге көшіру керек.
«Біз науқастарды іріктеуде нақтыланған технологияны енгізіп жатырмыз. Оған қоса, телефондық және инетернет-тіркеуді жүзеге асыру керек. Кезекті басқару – өте маңызды мәселе, себебі мамандардың тапшлыығы туып жатыр, оларды дұрыс іріктеу үшін аталмыш жүйелерді енгізу керек», - деді министр.
Е.Біртанов атап өткендей, Астанадағы емханаларда бірыңғай ақпараттық колл-орталық бар.
«Біз Астанадағы жедел жәрдем станциясына бардық. Онда да колл-орталық бар. Егер адам 103-ке қоңырау шалса, емханада кезексіз дәрігерге өту мүмкіндігі бар. Бұл жерде қызыл дәліз бойынша жұмыс істейді», - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, тар мамандықтар мен лабораториялық ультрадауыс зерттеулерінің консультациялары бойынша мәселе баршылық.Көптеген елдерде аталмыш бағыттарды ортақ тәжірибе дәрігері қабылдайды. Содан кейін барып, тегін қызметке ие болуға мүмкіндік алады.
«Бұл орайда тар салада мамандардың жетіспеуі орын алып жатады. Сәйкесінше, кезек көбейеді. Бүгінгінің басты міндеті – жеке медициналық орталықтарды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне тарту, себебі адам үш ай күтпей-ақ, өзінің қажетті саласын таңдап алуы керек. Егер де маман сұранысқа ие болса, күтуге болады. Алайда, таңдау да көп болуы тиіс. Егер, науқас кардиологқа барса, ол бір-екі күн ішінде консультацияны алуы керек», - деді ол.
Е.Біртанов айтып өткендей, министрлік жеке медициналық орталықтарды денсаулық сақтаудың ортақ жүйесіне тартуы керек.
«Бүгінде бізде мемлекеттік мекемелер бөлек, онда кезек көп, мамандар тапшылығы басым, жалақы төмен. Ал, жеке сектор қарқындап өсуде, 10 есе өз бағасынан құны жоғары болатын қызметтер бар. Сондықтан бүгінгі таңда медициналық сақтандыру аясында аталмыш екі саланы біріктіру қажет. Біз жеке клиникалармен келіссөздер өткізіп, олардың мәселесін түсінуге тырысамыз. Елбасы айтып өткендей, жеке сектордың әкімшілік кедергілерін алып тастау керек», - деді спикер.
Министр айтып өткендей, бүгінгі таңда Үкімет бұл мәселені шешуде.
Ақбота Күзекбай
Фото:Арман Мұхатов
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады