• Басты
  • Қарағандыда 108 жас отбасы баспаналы болды
24 Наурыз, 2017 17:31

Қарағандыда 108 жас отбасы баспаналы болды

Қарағандыда өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша қатысушыларға пәтер кілті табысталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда 108 жас отбасы баспаналы болды | Strategy2050.kz

Көктемде 108 жас отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын үйде 72 бір бөлмелі және 36 екі бөлмелі пәтер бар. 

Бағдарламаның шартына сәйкес, мемлекеттік баспана алуға жасы 29-ға толмаған, кем деген екі жыл бірге тұратын (бағдарламаға қатысқан кезде) ерлі-зайыптылар құжат тапсыра алады. Сондай-ақ, анасы (әкесі) 29-ға толмаған балалары бар толық емес отбасылар, соның ішінде ажырасқандар мен жесір қалғандар бағдарламаға қатыса алады. 

Пәтер алғандардың бірі – жас дәрігерлер Шапшанбаевтар отбасы. Дастан Мақажанов атындағы клиникада травматолог болып істейді. Жұбайы Жанар Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде резидентураны бітіреді. Олар үш бала тәрбиелеп отыр, ең кішісі – 7 айлық. 

«Әрине, қуаныштымыз. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келеміз. Айына 75 мың теңге төлейтінбіз. Жаңа пәтердің арендалық ақысы үш есеге азаБағдарламаға қатысуға құжаттарды үш ай бұрын тапсырдық. Конкурстан өттік. Пәтер алушылардың тізімінде алғашқылардың бірі болып тұрдық» , - дейді отағасы.
15 жылдан кейін арендалық пәтерді жекешелендіруге болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды