- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан Сенаттары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
Қазақстан мен Өзбекстан Сенаттары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
Қ.Тоқаевтың пікірінше, президенттер Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің Ақордадағы келіссөздерінің нәтижесі сапардың тарихи маңызын дәлелдеді.
«Қазақстан мен Өзбекстан қатынастарының парламентаралық өлшемі тамаша серпін алатын болды. Екі елдің парламенттері сапар барысында қол жеткен уағдаластықтарды тиімді іске асыру, оның ішінде уақытылы әрі тиісті заңнамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін бар күшін салатын болады. Одан басқа, екі елдің сенаттары арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады», - деді әңгіме барысында Қ.Тоқаев.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Парламентаралық үнқатысуды тереңдетуге бағытталған бұл құжат Парламенттердегі жоғарғы палаталардың тарапынан екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын қолдауды көздейді.
Екі мемлекеттің Сенаттары өз құзіреттері аясында екіжақты ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасын кеңейтуге ықпал етеді.
Құжатта «Тараптар жаһандық сын-қатерлермен және қауіптермен тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ететін құқықтық кеңістік құру саласында өзара іс-қимыл жасайды», - деп атап өтілген.
Меморандум сапарлар алмасу, парламенттік шараларға қатысу, халықаралық парламенттік ұйымдарда өзара қолдау көрсету мен ұстанымдарды келісу сипатында жүзеге асады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары