• Басты
  • Н.Назарбаев: Қазақстан Өзбекстанмен жемісті қарым-қатынас орнайды деп сенеді (ФОТО)
23 Наурыз, 2017 11:46

Н.Назарбаев: Қазақстан Өзбекстанмен жемісті қарым-қатынас орнайды деп сенеді (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Н.Назарбаев: Қазақстан Өзбекстанмен жемісті қарым-қатынас орнайды деп сенеді (ФОТО) | Strategy2050.kz

Шағын құраммен өткен келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентінің қазақ жеріне басқан қадамына сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы ретінде Ш.Мирзиёевтің Қазақстанға алғашқы рет келіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстан өзінің стратегиялық серіктесі, көршісі әрі бауырласы – Өзбекстанның халқына бақ-береке тілеп, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіреді. Біз келешекте екіжақты байланыстар аясында жемісті қарым-қатынас орнайды деп сенеміз. Қазірдің өзінде мемлекетаралық әріптестікті нығайту бағытында нақты жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, елдеріміздің арасындағы сауда айналымының көлемі өскені айқын байқалады, шекараларымыз арқылы өткізу мүмкіндігі артып, өнімдердің жаңа түрлері жеткізілуде», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Астанада бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның 500-ден астам кәсіпкерінің қатысуымен бизнес-форум өтетініне назар аударды.

«Форумда жалпы құны 1 миллиардтай АҚШ доллары көлеміндегі 75-ке жуық бірлескен  келісімшартқа қол қойылу көзделген. Мұндай форум біздің тарихымызда алғаш рет өткізіледі. Қарым-қатынасымыздың негізін Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов екеуміз қалаған едік. Біз бір-бірімізге көмектесіп, бауырластыққа негізделген сол игі дәстүрді жалғастырамыз деп үміттенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ш.Мирзиёев қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

«Сіз былтыр Самарқандқа жасаған сапарыңыз кезінде Қазақстан мен Өзбекстан әрдайым бірге болады деп айтқан едіңіз. Сол сөзіңіз екі елді жақындастыра түсуге жол ашты, өзбек халқы нағыз достың, бауырластың ықыласын сезінді», – деді Өзбекстан Президенті.

Ш.Мирзиёев бүгінде Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы  халықаралық салада да дамудың жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

«Сіздің беделіңіздің арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Барлық бастамаларыңызды Өзбекстанның қолдайтынына сендіремін. Қазіргі кезде өңірлік ынтымақтастыққа зор мән беріліп отыр. Бүгінгі кездесуіміз елдеріміз арасындағы одан арғы өзара тиімді іс-қимылға негіз болады деп үміттенемін», – деді Өзбекстан Президенті.

Екі ел көшбасшылары бұл сапар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Фото: akorda.kz

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды