• Басты
  • Наурыз рухани мереке – «Ван» армян орталығы
22 Наурыз, 2017 14:32

Наурыз рухани мереке – «Ван» армян орталығы

«Ван» армян этномәдени орталығы туралы Астана тұрғындарының барлығы дерлік біледі.Мәдени орталық қоғамдық өмірге белсене атсалысады. Жалпы, орталықтың Наурызға дайындалуы мен «Ван» орталығының қызметі туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында армян этномәдени орталығының төрағасы Саак Акопов мәлімдеді.

Наурыз рухани мереке  – «Ван» армян орталығы | Strategy2050.kz

«2000 жылы Меликян Володя Егишевич «Ван» қоғамдық бірлестігін құрды. Бұл бірлестік Қазақстандағы барлық аймақтық армян мәдени отралықтарымен әріптестік қарым-қатынас орнатып, ортақ істі бірлесіп атқаруға жұмылды. Оралықтың мақсаты -Әлемдегі этникаралық келісім мен толеранттылықтың сақталуына үлес қосу. Әрі Қазақстан халқы мәдениетін жан-жақты дамыта отырып, армян халқының тілі және әдет-ғұрпы сақталуын қамтамасыз ету», - деді орталық төрағасы.

Орталық  қызметінің негізгі бағыттары: ұлттық мәдениеттің жаңғыруына және сақталуына белсенді әрекет жасау;Армян халқының озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамыту және бекіту;Армян тілін оқытуға, тарихы, әдебиеті, өнерін және түрлі қолөнерін сақтап қалуға барлық жағдайды жасау;Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту;Қайырымдылық іс-шараларын өткізу.

«Қоғам жастар мәселесіне қатысты жұмысты белсенді жүргізуде. Бұл орайда, Мнеян Айастан Федиковна директор болып қызмет атқаратын армян жексенбілік мектебі бар. Мектеп ұстаздары оқушыларға этникаралық қарым-қатынас төңірегінде әңгіме өрбітіп, оларға дұрыс бағыт-бағдар  сілтейді. Жұмыс жоспарының қатарында Армения мен Қазақстан елінің белгілі мерекелеріне қатысты деректер де назардан қағыс қалмайды», - деді ол.

Қоғам шығармашылық және әуесқой көркемөнерпаздар  жұмысын дамыту мақсатында «Наири» би ұжымын құрды. Бұл ұжым Кондратюк Галина Петровна жетекшілігімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлығымен қалалық, республикалық іс-шараларға белсенді қатысты.

«Негізгі жобаларымыз  ардагерлер мен мүгедектерге, жалпы құқықтық, әлеуметтік көмекті қажет еткен барлық тұлғаларға жәрдем беру, ұлттық мерекелер, соның ішінде Тәуелсіздік күнін, Қазақстан халқы бірлігі күнін және Наурыз мейрамын ұйымдастыру, өткізу», - деді төраға.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды