- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейде ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары ашылды
Ресейде ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары ашылды
Сатуды бастау салтанаты Көрменің ресми билет операторының кассаларында – Мәскеуде және Санкт-Петерборда өтті.
Енді Ресей азаматтары билеттерге Көрменің ресми сайты арқылы тапсырыс беріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өз елінің ірі қалаларындағы кассаларда тікелей сатып ала алады. Қазірдің өзінде билеттерді Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Қазанда, Нижний Новгородта, Екатеринборда, Новосибирскіде, Сочиде сатып алуға болады.
Ресей Көрме бағдарламасының 100-ден астам іс-шарасының қоса ұйымдастырушысы болып, оған белсенді қатысатын болады. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Ресейдің шекара маңындағы облыстарымен және Татарстан Республикасымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Ресейлік экспозиция ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең ірі экспозициялардың бірі болады. Іскерлік бағдарламаның басты тақырыбы «Жаһандық энергетикалық теңгерім» болады.
Қазіргі таңда 115 ел, 18 халықаралық ұйым және бірқатар трансұлттық компаниялар, оның ішінде ресейлік «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация айтулы оқиғаға қатысуын растаған. Қазірдің өзінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне алты жүз қырық мыңнан астам билет сатылды.
Көрме Астанада 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді. Тұтастай алғанда, 2 миллионнан астам келуші және 5 миллионға жуық келу күтіледі, оның ішінде 85 %-ы – бұл қазақстандықтар және 15 %-ы шетелдік меймандар. Туристер үшін 3000 іс-шарадан тұратын бірегей мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды