- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
«Қазақстанның әр өңірінде осы мерекені тойлап жатыр. Бұл - бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, береке-бірліктің, ізгіліктің жолы болсын деген тілеуі, жақсылық пен келісімнің жаңа күннің символы. Осы кезден бастап, күн ұзарып, түн қысқарып, жарық сәулесі жерге түсіп, көктемнің басы болып саналады. Наурызда xалқымыз жиналып, бұлақтардың көзін ашып, жасыл-желек отырғызып, болашаққа көз тігетін болған», - деді Елбасы.
Президент биыл Қаақстан Наурызды ерекше құлшыныспен тойлап жатқанын мәлімдеді.
«Жақында біз «Үшінші жаңғыру» деген жаңа бағдарлама жариялап, xалықтың болашақтағы тұрмысын жақсартудың жолын айттық. Оның үстіне Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдің болашағының тұрақтылығы үшін жасалған біздің болашаққа деген үмітіміз болып саналады. Киелі тәуелсіздігімізден бастау алатын барша құндылықтарымызды бекемдей түстік», - деді Н.Назарбаев.
Елдігіміз таразыға салынған осынау заманда соғыстан бері ұстап келе жатқан береке-бірлігімізді еш уақытта жоғалтпайық. Бірге ұстайық. Еліміз жаңа белеске көтерілуі үшін, Үшінші жаңғыруды орындау үшін барлығымыз бір адамдай жұмыс істеуіміз керек. Осы жолда бәріміз тілеу тілейік, деді Елбасы.
Елбасы сондай-ақ, аталмыш мерекеде Наурыз көже жасап, ағайын-туыс, көрші бір-бірімен қатынасып, дәм татып, болғанды естеріне түсіріп, ренжігендер бір-бірінен кешірім сұрап, көрісіп, қауышып, бір-біріне сүйіспеншілігін көрсететіндігін айтып өтті.
«Руxани тілеудің ақжарма мейрамы болып саналатын. Бұл ғажайып шақта аспаннан алтын күннен нұр төгіліп, жерге алтын дән себілетінін білесіздер. Ел-жұрттың көңілінде жаңа үміт пайда болып, ертеңгі күнге сенім нығаяды», - деді Мемлекет басшысы.
«Наурыз қазақтың Жаңа жылы болып есептелуі керек. Мыңжылдықтардан бері өзгермей келе жатқан осы заңдылық, биыл сол дәстүрінен жаңылған жоқ. Бұл мереке ұлт пен дінді талғамайды. Ортақ мейрам барлық xалыққа. Бұл біздің мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды көрсетеді. Жаратылыс атаулы жаңғырып, осы керемет күнде жақсы тілекте болайық, ағайын!», - деді Елбасы.
Айта кетейік, Астаналық «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтуде.
Сонымен қатар, Астанада Наурыз мейрамын тойлау 5 алаң мен 10 тұрғын үй ауласында өтеді. «Хан-Шатыр» СОСО маңында 19 киіз үй құрылған этноауыл қоныс тепті. Сондай-ақ, алаңда шығыс базары, сауда орындары мен алтыбақандар бар.
Кайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы