- Басты
- Жаңалықтар
- Украиндықтардың этномәдени орталығы Наурыз мейрамын мерекелеуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Украиндықтардың этномәдени орталығы Наурыз мейрамын мерекелеуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Украиндықтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2003 жылы құрылды. Бұл Қазақстан астанасында тұратын украиндықтар үшін маңызды қадам болды.
«Орталықтың атауында мн жатыр: «оберег» - тіл-көзден сақтандыратын құрал. Біз бұл атаумен тіліміз бен салт-дәстүрімізді қорғауға ниет еттік», - деді «Оберег» орталығының басшысы.


Оның айтуынша, дәстүрдің бірі украиндықтар мен өзге славян елдері жаңа жылды наурызда қарсы алуы, кұн-мен түннің теңелуі болып табылады. Бұл дәстүр табиғаттың қайта жандануымен байланысты.


«Қазақстанда да табиғаттың жаңаруы мен көктем мерекесін, яғни Наурызды тойлайды.Көктем Қазақстанның бар халқында жаңару, жаңа өмір бастау, тіршіліктің басы, адамдар арасындағы ренішті кешіру мерекесі болып табылады», - деді спикер.


Т.Ширмер айтып өткендей, Наурыз барлық этностың өміріндегі маңызды мереке.
«Бұл мереке мейрімділік пен жақсылық жасаудың мейрамы. Бұл күндері адамдар бір-біріне көмек көрсетіп, қолдау көрсетеді. Жыл сайын «Оберег» бірлестігі Астана қаласының мүгедектеріне арналған қайырымдылық акцияға қатысады. Астаналық ардагерлер үйі мен қарттар үйіне дәм береміз», - деді ол.

Барлық этномәдени бірлестіктер атынан «Оберег» этномәдени орталығы Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтады.
«Украиндықтар өзге этнос өкілдері сияқты халықтық қыдыруларға қатысып, бір-бірінің үйіне дәм татуға кіреді. Әрбір отбасыда Наурыз достық пен бірлікті күшейтіп, түсінушілікті арттырсын. Әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, жақсылықты ала келсін. Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құтты болсын!, - деді ол.
Ақбота Күзекбай
Фото:автор
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Елордада дзюдо орталығы ашылды