• Басты
  • Біз түркілердің ортақ мерекесін тойлап жатырмыз – «Тан» орталығы (ВИДЕО)
22 Наурыз, 2017 12:23

Біз түркілердің ортақ мерекесін тойлап жатырмыз – «Тан» орталығы (ВИДЕО)

Астанада 10 мың татар мен мың башқұрт тұрады. «Тан» этномдени орталығының жұмысы мен татар-башқұрттар Наурыз мерекесін қалай тойлайтындығы туралы «Тан» татар-башқұрт мәдени орталығының атқарушы директоры Земфира Низамутдинова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында мәлімдеді.

Біз түркілердің ортақ мерекесін тойлап жатырмыз – «Тан» орталығы (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

«Қазіргі таңда аталмыш мәдени орталықта   қолөнер көрмесі өтуде. Бұл көрмеде ескі самаурын мен жүн түтетін құралдар, баян, бас киімдер мен біздің қолөнер бұйымдары көрсетелідеі. Біз түркі әлеміне ортақ мерекені тойлаймыз», - деді З.Низамутдинова.

Ол айтып өткендей, «Тан» мәдени орталығы өз жұмысын  1994 жылы бастады. Бұл жерде татар, башқұрт мәдениеті мен татар тілі оқытылады.

«Астанада  10 мың татар мен  мың башқұрт өмір сүруде. Сондықтан 1994 жылы татар-башқұрт  мәдени орталығы «Тан» атауымен құрылды. Орталықта татар тілін меңгеріп, татар  мен башқұрт мәдениетін меңгеріп жатырмыз. Сондай-ақ, Наурыз, Сабантой мерекелерін тойлаймыз», - деді «Тан» орталығының басшысы.

З.Низамутдинова барша қазақстандықтарды  Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз – түркілердің ортақ мерекесі. Ол жаңарудың, қайта тірілудің белгісі. Барша қазақстандықтарға береке, бірлік, байлық тілеймін», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Видео:автор

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды