- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Наурыз бес алаңда мерекеленеді
Астанада Наурыз бес алаңда мерекеленеді
«Хан Шатыр» СОСО-да Наурыз мерекесі 20, 21 және 22 наурызда тойланады. Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігіледі. Келушілер үшін қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, «Шашу» биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер «Қазақ күресінде» шеберлік байқасады.
22 наурызда «Керуен Сity» (бұрынғы «Мега») СОСО-да келушілерге бауырсақ пен басқа да тәтті-дәмділер таратылады. Ал сағат эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады, және аниматорлар көпшілік назарына қызықты шоу ұсынады.
Сонымен қатар, «Мега» СОСО-да мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар таратылады.
Осы күні сондай-ақ, «Сарыарқа» СОСО-да астаналықтар концерттік бағдарлама тамашалайды. Сағат «Аружан» СОСО-да ұлттық киім киген артистер халықты қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм тату үшін киіз үйлерге шақырады.
Мереке соңында «Керуен Сity» (бұрынғы «Мега») сауда орталығынығ жанында ребрендинг құрметіне 22.00-де отшашу болады.
Сондай-ақ, 21 наурызда мерекелік концерттер мен шаралар Пригородный және Үркер (Ильинка) тұрғын алаптарында, 22 наурызда Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алабында ұйымдастырылады.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді