- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұсауы кесілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тұсауы кесілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Жобаның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилердің өміріндегі маңызды сәттерінің бірін мерекеге айналдыру. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, жаңғырта түсу.


Бүлдіршіндердің тұсауын тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлы, жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай, «Республикалық радио» ЖШС-нің директоры, танымал журналист Мәди Манатбек, «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Дана Нұржігіт және белгілі ақын Нәзира Бердалы сынды есімі елге белгілі азаматтар кесті.




Тұрсын Жұртбай, Қойшығара Салғараұлы аталары бүлдіршіндерге бата берді, белгілі зергер Берік Әлібай тұсауы кесілген балаларға домбыра сыйлады.
«Қазақ жетімін жылатпаған, бөтенге жәутеңдетпеген халық еді. Амал нешік?! Тағдырдың жазуымен, ата-анасыз қалған балалар да қазақтың қарадомалақ баласы, біздің балалар. Олардың өміріндегі ең бір маңызды сәтті, тұсауын кесу рәсімін ұйымдастырып, елге белгілі азаматтардан бата сұрайық деген мақсат тұттық. Ұлыстың ұлы күнінде осындай сауапты іске ұйытқы болып, қолдаған азаматтардың барлығына алғыс білдіреміз», - деді ҚР Ұлттық музейдің Бас қор сақтаушысы Рыскүл Ескендірқызы.




Ұлттық музейдегі «Тұсаукесер» рәсімі осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. 2016 жылғы осы іс-шарада тұсаулары кесілген 5 сәби де бүгінде жаңа ата-аналарын тауып, жылы ұяларында тәлім алуда.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты