- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы өндірушісінің жиһазы Миланда ұсынылатын болады
Алматы өндірушісінің жиһазы Миланда ұсынылатын болады
«Біз ұйымдастырушылардың негізгі талаптарын орындағаннан кейін, яғни өнімнің сапасының жоғарылығын дәлелдеп, оны біздің сәндеушілерімізбен бірлесіп, соңғы жиһаздық трендтерді түсіндіре отырып, көрмеге қатысу құқығын алдық. Аталған көрмеге шығарылатын барлық өнімдер – бұл маусымның соңғы сәндік трендтері», – деп әңгімеледі жиһаз фабрикасының атқарушы директоры Тимур Исмаилов.
Оның айтуынша, кәсіпорынның көрмеге қатысуы – бұл алматылық жиһаз жасаушыларының тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар, шетелдегі кең ауқымды жарнамасы, өйткені, оған жиһаздық сән өнерінің бүкіл әлемдік элитасы жиналады.
«Бізде шетелдік серіктестіктермен тиімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа, біздің деректер көрме сайтында пайда болған сәттен бастап, шетелдің әлеуетті клиенттері бізге деген қызығушылықтарын танытты», – деп Т.Исмаилов әңгімесін толықтырды.
Кәсіпорынның мүмкіндіктерінің жарнамасынан басқа, көрмеге қатысу мемлекеттің беделін асырады. «ADELFI» жиһаз фабрикасы көрмеге қатысуға кәсіпорынның көрмеге қатысуының 50% шығынын өтейтін «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің ықпал етуінің арқасында мүмкіндік алды.
«ADELFI» фирмасы Қазақстан нарығына 16 жыл бойы қатысып келеді және ол элиталы жиһаз өндірісінде маманданған жеке жобалар бойынша ең ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның штаты – 100-ден астам адам, өндірістің көлемін және сәйкесінше жұмыс орындарын арттыру бөлігіндегі қызметкерлердің айтарлықтай бөлігі – мүмкіндігі шектеулі адамдар. Сондай-ақ, фирма өзінің базасында ағашты қайта өңдеу шеберлігінің мектебін ашуды және өзінің кәсіпорнымен қатар, жалпы алғанда, ағашты қайта өңдеу нарығы үшін де мамандар дайындауды жоспарлап отыр.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады