• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей Президенттері ЕАЭО-ны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей Президенттері ЕАЭО-ны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

18 Наурыз, 2017 15:42
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

Барлық жаңалықтар