• Басты
  • ОҚО-ның Төле би ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды
18 Наурыз, 2017 18:37

ОҚО-ның Төле би ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Төлеби ауданында «Кооперация – агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты тақырыпта құс шаруашылығын дамытуға арналған мамандандырылған көшпелі семинар өтті, деп хабарлады ОҚО облыс әкімдігі.

ОҚО-ның Төле би ауданында  құс фабрикасының құрылысы басталды | Strategy2050.kz

Шараға ауыл  шаруашылығы басқармасының  мамандары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, шаруалар мен  қаржы ұйымдарының  өкілдері  қатысты.  

Аймақ  басшысы   алдымен  Киелі тас ауылында «Леңгір құс» фермасының  іргетасына капсула салып, құс шаруашылығының дамуына сәттілік тіледі.

«Елбасының ауылшаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі тапсырмасына орай біз облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мамандандырылған семинарлар өткізудеміз. Бүгін өздеріңіз куә болып отырған Төлеби ауданында тауық шаруашылығымен айналысуға бел буған 24 кәсіпкер «Ленгер құс» ауылшаруашылық кооперативін құрып, мемлекеттен жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп жұмысын бастағалы отыр. Бұл өзгелерге өнеге болуы тиіс»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.  

Айта кетейік, шағын құс фермаларының құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондай-ақ сатып алынған асыл тұқымды етті шөжелердің әр басына 400 теңгеден демеу қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, шаруалар өндірілген құс етінің әр келісіне 40 теңгеден көмек қаржы алатын болады.

Аталған құс фермасы  жарты ғасырлық тарихы бар  «Шымкент құс» ЖШС-ның бірлескен кәсіпорыны болып табылады.   Бүгінде аталған құс фермасында  600 мыңнан  астам    құс өсіріледі.  Тауық  фермасы  жылына  14  млн.  дана  жұмыртқа  өндіреді.  Өнімдер оңтүстік  өңірі  мен  қатар  көршілес облыстарға  да  жөнелтіледі.  

Семинар  барысында    құс  шаруашылығын дамыту  жайы кеңінен  талқыланып, қатысушыларға мемлекет  тарапынан  берілетін  жеңілдіктер   жайында  пайдалы  мағлұматтар  берілді.  Шараның  мақсаты  - құс  шаруашылығында  коопертивтер  құру  арқылы  өнімнің көлемін  ұлғайту.       

Бүгінде  облысымызда    2 млн.  401 мың бас құс өсіріледі.  Оның  50 пайызы жеке және қосалқы шаруашылықтардың еншісінде.   Оңтүстік  өңірі   өз-өзін  құс етімен  74,3 пайыз,   ал  жұмыртқамен 75 пайыз  қамтуға қауқарлы. Сондықтан біріккен кәсіпорындар алдында құс  шаруашылығында дамытып, өнім көлемін  арттыру  мақсаты тұр.

Мұнан соң өңір басшысы Көксәйек ауылындағы «ADS Agro» ЖШС жұмысымен танысты.  Аумағы 19 гектарды құрайтын серіктестік асыл тұқымды жылқы және ірі қара  өсірумен айналысады.  Қожалықтағы  2012 жылы ашылған мал бордақылау алаңы 1560 басқа есептелген.   Бүгінгі  күнге  мұнда  600 бас  ірі қара мал бордақыланып жатыр. Сонымен бірге, мұнда мал сою бекеті жұмыс істеп тұр. Қожалыққа  «КазАгроҚаржы» АҚ  214 млн. теңге көлемінде несие берген.  Бұл қаржы негізінен мал бордақылау алаңының құрылысына жұмсалыпты. 

Қазіргі таңда жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық былтыр  өндірілген еттің әр келісіне 170-теңгеден және ірі  қара  мал  етіне мемлекеттен 75.4 млн. теңге субсидия  алған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды