- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыдағы «Наурызды» мерекелеуге 700-ден астам артистер қатысатын болады
Алматыдағы «Наурызды» мерекелеуге 700-ден астам артистер қатысатын болады
Салтанатты шараларға 700-ден астам артистер қатысады, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, ходулистер, дәстүрлер театрлары,солистер, би топтары және басқалары бар. Бұлардан өзге бұқаралық «Көрісу» би флеш- мобы да өтеді.
Концерттерге “Ялла” тобы, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Әли Оқапов, Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Индира Еділбаева,«МузАРТ»,«Аюми»,«Voice» топтары, Рамазан Стамғазиев, Жасұлан Сақаев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіманов, “Сазген Сазы” фольклорлық- этнографиялық ансамблі, Айгүл Қосанова,«Қоңыр» тобы,«БАХЫТ KIDS» балалар хоры, “Отырар Сазы” фольклорлық -этнографиялық ансамблі,“Алашұлы” тобы,“Жорға” би тобы, “Туған жер” би ұжымы, “Алан” тобы, Малика Есмұханбетова, “МузАРТ лайф» тобы және басқалары қатысады.
Астана алаңына киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан « Самалық», «Түлік жыры» атты салт-дәстүрлі, ритуалды ән-жырлары орындалады.
Ал, Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.
«Номад» каскадерлар тобы «Жігіттер», «Қыз қуу», «Аударыспақ»,«семсерлесу» көріністері арқылы өз өнерлерін көрсетеді. Бағдарламаға «Қой көтеру», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту» сияқты шеберлік пен ептілікті паш ететін қазақ ұлттық ойындары да енгізілген.
Екі мерекелік алаңда да музыка аспаптарының, бүркіт пен тазының көрмесін және арқанмен жүретіндер мен ходулистердің өнерін көрсету де жоспарланған.
«Наурыз» мерекесі барысында бауырсақ пен «Наурыз көже» тегін беріледі.
Мереке соңы кешкі бағдарлама мен отшашуға ұласады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді