ҚР-да 2013 жылы орташа айлық жалақы 107 317 теңгені құрады – Статагенттік

18 Желтоқсан, 2013 16:48
2013 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 107 317 теңгені құрады, деп Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қарашаға 106,4%, ал нақты жалақы индексі 101,6% құрады», - делінген хабарламада.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте– 212,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 200,6 мың теңге және қаржы және сақтандыру қызметінде – 199,2 мың теңге (1,9 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 62,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 186,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 73,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,6%-ға төмен.

 

 
 

Барлық жаңалықтар