- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстан ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Министр кездесуді аша отыра, Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастық барысында түрлі салаларда жетістіктерге қол жеткізілгенін атап кетті. Оның ішінде ЭСКАТО бағдарламаларында теңізге шығар, инвестициялық ынтымақтастық және сауданы дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару жолы жоқ елдердің мәселелері бойынша.
Сүлейменов Қазақстан тұрақты негізде ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессияларына қатысатынын, сондай-ақ Комиссия сессияларында қабылданған бірқатар резолюциялардың бірлескен авторы екендігін және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендігін атап кетті.
Ол сонымен қатар, Қазақстан 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі екендігін еске салды, ол Қазақстанға БҰҰ түрлі институттарының жұмысында үлкен жауапкершілік жүктейтінін белгіледі.
«Адами капитал, «жасыл экономика», ғылым және инновация, энергетика, мемлекеттік басқару және интеграция сияқты тұрақты дамудың негізгі салаларында ынтымақтастықты нығайтуды ұсынады» - деді Сүлейменов.
Министр Бонопаче ханымды ЭКСПО-2017 халықаралық көрме шеңберінде Астана қаласында 2017 жылғы 15-16 маусымда өтетін 10-шы Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.
Бонопаче ханым өз кезегінде Қазақстанның осы салада айтарлықтай прогрессін белгілеп, министрді ЭСКАТО-мен нығайтылған ынтымақтастыққа байланысты бастамаларды ілгерілеткені үшін алғысын білдірді. Ол осыған қоса, ұйыммен белсенді жұмыс жалғастыруға шақыра отыра, Қазақстанның ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессияларына одан әрі қатысуы жемісті болатынына үміт артты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы