- Басты
- Жаңалықтар
- Венецияда алдағы ЭКСПО көпшілікке таныстырылды
Венецияда алдағы ЭКСПО көпшілікке таныстырылды
Кездесу барысында Құрметті Консул Венецияда ағымдағы жылдың 25-ақпанында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған карнавалы ұйымдастырылды деп хабарлады. Шара барысында италиялықтар мен халықаралық делегаттар өкіліне қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды.
«Венеция қонақтары мен италиялықтар алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің материалдарын үлкен экраннан тамашалады. Венециялықтар қазақ халқының тұрмысына қызығушылық танытты. Шара соңында Венецияға Қазақстанның жалауы сыйға тартылды және барлық қатысушылар Астанада өтетін ірі халықаралық іс шараға шақырту алды», - деді П.Алуизио.
Ахметжан Есімов өз кезегінде, бүгінгі күнге 115 ел мен 20 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысуға келісім бергенін атап өтті. Ал 41 ел өз павильондарын қабылдап, экспозицияларды тематикалық рәсімдеуге кірісті деп мәлімдеді. Басқарма басшысы Италияның экспозициясы жаңғыртылған энергия көздері саласын ұйымдастыруда өзінің үздік жобалары мен жетістіктерін көрсететіне нық сенімін білдірді.
Еске сала кетелік, Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы маусымның 10-нан қыркүйектің 10-на дейін жалғасады, көрмеге келушілер саны 5 миллиондай болады деп күтілуде.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері