- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде 1000-нан астам іс-шара өткізіледі
Ақтөбе облысында Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде 1000-нан астам іс-шара өткізіледі
«Наурыз мейрамына» арналған мерекелер өңірде наурыз айының басында басталған.21-22 наурыз күндері облыстағы барлық елді мекендерде көптеген іс-шаралар мен халық серуені өтеді. Ақтөбенің жеті алаңында және қаланың бес ауылдық округінде ұлттық стильде жабдықталған 50 киіз үй тігіліп, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетіледі, жарыстар мен спорттық ойындар өтеді. 66 мейрамхана мен кафелерде ақысыз дәм татуға болады. Жалпы алғанда, қалалықтар үшін 5 тонна бауырсақ пен 7 мың литр наурыз көже пісірілмек.
22 наурызда Әбілхайыр хан даңғылында Ғ.Жұбанова көшесінен Тұңғыш президент саябағы ауданының 11 шағын ауданына дейін қаладағы ең үлкен ауыл құрылып, 25 киіз тігіледі. Осыған орай, 21 наурыздың күскі кезінен 22 наурыздың кешіне дейін даңғылдың осы жерлері көлік қатынасы үшін жабық болады.
21 наурызда облыстық филормонияның қазақ камералық хорынан құралған 35 қызметкері Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында концерт береді. Ал Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекаралас аудандарда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар 31 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтетін болады. Бұл күндері Әйтеке би, Қарғалы, Хобда, мәртөк және Хромтау аудандары, сонымен қатар Ақтөбе қаласы мерекені ұйымдастыру үшін өз делегацияларын сол жаққа қарай жібереді. Ресейдің бірнеше елді мекенінде мерекелік киіз үйлер тігіліп, театрландырылған көріністер ұйымдастырылады, спорттық ойындар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, тақырыптық көрмелер өтеді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді