- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 2016 жылы 43 туризм нысаны іске қосылды
Алматы облысында 2016 жылы 43 туризм нысаны іске қосылды
Алматы облысының туризмін дамытуда инвесторлардың қызығушылық танытып отырған нысандарының бірі - Алакөл жағалауы. Мәселен, өткен жылы облыста жеке инвестордың қаржысы есебінен құны 3,6 млрд. теңге болатын 43 туризм нысаны іске қосылса, соның ішінде 30 нысан Алакөл жағалауында пайдалануға берілген.
Жалпы саны 1297 орынды 1 қонақ үй, 4 демалыс базасы, 7 демалыс үйі, 18 мейманхана Алакөл маңында бой көтерген. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен туристік әлеуетті дамыту туралы көшпелі брифинг барысында облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шынтаев айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен өткен брифинг барысында сөз алған аудан әкімі Ә. Жақанбаев облыс әкімдігінің қолдауының арқасында қазіргі кезде көл жағалауының инфрақұрылымы жасалып жатқанын айтты. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы Ақши ауылына 93,8 км жаңа электр желісі тартылды. Оған бюджеттен 610,9 млн. теңге бөлінген. Жол жөнделіп, темір жол тасымалы бюджеттен субсидиялануда.
2015 жылдан бастап қолға алынған Үшарал әуежайының құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі кезде аяқталуға жақын. Оның жүзеге асырылуына бюджеттен 896,9 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін әуежайда ұшу-қону жолағы жаңғыртылып, әуе қозғалысын ұйымдастыруға қажетті радиотехника мен метеорологиялық құралдар жаңартылды. Жаңа әуежай Алматы облысының туристік логистикасын жақсартып, демалушылар санының артуына ықпал етпек.
Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша көл жағалауында демалушылардың саны жарты миллионға жеткен.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері