- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдығымен құттықтады (ФОТО)
Елбасы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдығымен құттықтады (ФОТО)
Президент қазақстандықтарды, спортшыларды, спорт жанкүйерлері мен қонақтарды Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығымен құттықтады.
«Біз Халықаралық олимпиада қозғалысына қосылдық, бұл – тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудың маңызды бөлігіне айналды. Олимпиадалық қозғалыс – спорттан биік дүние, бұл өмір философиясы, ол бірлік пен өзара сыйластық, рухани жетілу құныдылықтары негізінде пайда болды. Бұл тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудың ұстанымына ұқсайды», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы айтып өткендей, Олимпиадалық қозғалыс сияқты әлемде адамға қатты әсер ететін ұйым жоқ.
«Олимпиадалық модель бойынша Универсиадалар, континенттік ойындар мен өзге сайыстар өткізіледі. Қазақстан Халықаралық олимпиадалық отбасының сенімді мүшесіне айналды. Біз спорттың дамуын қолдадық. Біздің туымыз барлық олимпиадаларда көтерілді, спортшыларымыз жеңімпаз атанған сайыстарда әнұранымыз шырқалды. Олимпиада ойындары барлық спортшыларға күш-жігер сыйлайтын ұйым», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы Алматыда өткен Универсиадада өнер көрсеткен Ұлттық құраманың табысын атап өтті.
«Қазақстан әлемдік аренадағы беделін одан әрі арттыра түсетініне сенімдімін. Олимпиадалық от әлем бойынша көп адамның жүргенінен орын табады деген үміттемін», - деді Н.Назарбаев.
Салтанатты құттықтаудан кейін Елбасы Ұлттық Олимпиада Қауымдастығының басшысы мен Азия Олимпиада кеңесінің басшысы Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабахқа олимпиадалық қозғалыс пен спорттың дамуына үлес қосқаны үшін мерейтойлық медлін табыстады.
Қайрат Жандыбаев
Фото:Шыңғыс Қаппаров
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі