- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыдағы 2 ЖЭО-ны қайта жөндеуге 150 млрд теңгеден астам қаржы керек - әкімдік
Қарағандыдағы 2 ЖЭО-ны қайта жөндеуге 150 млрд теңгеден астам қаржы керек - әкімдік
«АрселорМиттал Темиртау» тапсыырысы бойынша екі жобалау институты компанияға тиесілі ЖЭО-ПВС және ЖЭО-2 қайта жөндеу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындады. Қоғамдық тыңдау барысында жобаларды қоршаған ортаға әсер ету ыықтималдылығы тұрғыысынан талқылады.
«Екі станцияда да кеңестік заманда салынған: ЖЭО-ПВС – 1959 жылы, ЖЭО-2 – 1973 жылы. Олардың ресурсы таусылды. ЖЭО-2 бірнеше жылдан бері іркіліспен жұмыс істеуде. Бұлай ұзақ уақыт жұмыс істей алмаймыз. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. ТЭН-ді екі институт әзірледі, осы жобаларға үмітіміз зор», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі Вадим Лесин.
Есептеулер бойынша, екі жылуэнергоорталығын қайта жөндеуге жұмсалатын қаржы 150 млрд. теңгеден асады. ЖЭО-2 жаңғыртуға 80 млрд. теңгеден артық, ЖЭО-ПВС – 70 млрд. теңгеге жуық қаржы керек.
ЖЭО-2 қазандықтар мен турбоагрегаттарды ауыстыру қажет. Қосалқы жабдықтар жаңғыртылады. Жаңа вагон-аударғыш салу және көмірді жібітуге арналған жабдық орнатылмақ, ұнтақтағыш, газ тазарту қондырғысы ауыстырылады және т.б. Жобаны алты жылда жүзеге асыру есептелген.
«Қазіргі кезде екі станцияның негізгі активтерін бағалау жүргізілді. Наурыз айының соңына дейін «Орталық-Азия электр энергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ» бірлескен кәсіпорнын құру бойынша шешім қабылдау жоспарланған», - деді Вадим Лесин.
27 наурызда Алматыда ОАЭК акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді. Күн тәртібіне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен компания арасында келісім жасау мәселесі енгізілді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда