- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы Иранға қой етін экспорттауда
Жамбыл облысы Иранға қой етін экспорттауда
Нәтижесінде, экспортталатын қой еті Иран мемлекетіне арнайы мұздатылған күйде жеткізіледі. Әр туша арнайы дайындалған материалға оралып, сыртына ағылшын және иран тілдерінде ақпарат жазылады. Дәл бүгінге күнге Иран Ислам мемлекетіне 1000 тонна ет ұшақ арқылы жөнелтілді. Ал, комбинат бір күнде 1500 ұсақ мал мен 150 ірі қараны өндеуге қауқарлы.
Жамбыл облысында өндірілген ет өнімдері сырт мемлекетте өте жоғары бағаланады. Көбіне біздің елде өндірілген өнімді ирандықтар, ресейліктер және қытайлықтар тұтынуға құмар. Дегенмен, мұндай үлкен сұраныстарды қанағаттандыру үшін дүниежүзілік стандартарға сай болу қажет.
Облысымыздағы іргелі «Меркі» ЖШС-і бүгінгі күннің талабына сай арнайы жаңғыртылудан өткен. Өндіріс орнына электронды таразы қойылып, арнайы ет өндейтін орындардың қабырғалары мен едендері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, 350 тоннаға жуық ет өнімдерін сақтайтын мұздатқыш та қойылған.
Қазір көпшілік сатып алатын өнімін арнайы «халал» стандары белгісін қойылғанын қалайды. Бұл тұрғыда серіктестіктің жұмысы оң жолға қойылған. Сонымен қатар, «Меркі» ЖШС-інде 20 түрлі шұжық өндіріліп жатыр. Сондай-ақ, өндіріс орны жанынан бұқтырылған ет концервілерін шығаруда жолға қойылған.
Өткен жылы Жамбыл облысында ет өндірісі 5,3 пайызға (113,5 мың тонна) жоғарыласа, мал басы 1 ден 2,4 пайызға дейін көбейді. Мүйізді ірі қара малдың саны 1,6 пайызға (320,6 мың бас), қой мен ешкі 2,2 пайызға (2,47 млн. бас), жылқы 1,6 пайызға (105 мың бас), түйе 2,4 пайызға (5,8 мың бас), шошқа 1,5 пайызға (31,5 мың бас) артты. Ал, 2016 жылы облыс бойынша 451,3 тонна сиыр еті экспортқа шығарылды (Қырғызстан, Оман, ОАЭ).
Шаруаның тірлігін тіктеген «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жайлымдарды суландыру» бағдарламалары облысымызда 100 пайыздан аса орындалды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері