- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан – Беларусь шығармашылық жобасы таныстырылды (ФОТО)
Астанада Қазақстан – Беларусь шығармашылық жобасы таныстырылды (ФОТО)
Шараны екі танымал шығармашылық жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық өнер университеті мен Беларусь мемлекеттік музыка академиясы (БММА) ұйымдастырды.
Кеш қонақтары әлемдік классиканың жауһарлары – И.Брамстың төртінші симфониясын, Я.Сибелиустың оркестрмен арналған скрипка концертін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шығарманы дирижер Л. Стоковский фин кемеңгерінің шығармашылығының шарықтау шегі деп атайды.
Концерттің басты номерлерінің бірі «Кішкентай ханзада» балетінен алынған беларусь композиторы Е.Глебовтың Сюитасының Қазақстан жерінде алғаш рет орындалуы болды. Бұл шығармада композитор күрделі симфониялық драматургияның театралдық формаға келтірді. Сыншылардың айтуы бойынша, бұл музыкалық-хореографиялық өнерде жаңашылдық болды. Балеттегі Сюитаның танымал болып кетуі сонша – аталмыш туынды жеке музыкалық туынды ретінде орындала бастады.
Концертте Қазақстан Халық әртісі Айман Мұсақожаева және Андрей Иванов бастаған Беларусь мемлекеттік музыка академиясының симфониялық оркестрі басты солистер ретінде өнер көрсетті.
Жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Айман Мұсақожаева ең ірі жүлделерге, соның ішінде ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атағына ие. Оның есімі «ХХ ғасырдың 2000 үздік музыканты» IBC Бүкіләлемдік құрмет тізіміне енгізілді. Музыкалық сыншылар Айман Мұсақожаеваны өткеннің ұлы скрипкашыларымен бір қатарға қойып, оның ойынындағы терең интеллектуализм мен жарқын шеберліктің бірегей үйлесімділік туралы масаттана айтады.
БММА симфониялық оркестрі Беларуссияның шығармашылық ұжымдары арасында әрдайым ерекше орын алады. Оркестр туған елінің қалаларында ғана емес, барша әлем бойынша гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.
Ұжым музыканттарының Ресей, Германия, Франция және Түркияның шығармашылық ынтымақтастығы айрықша жемісті болды. 1994 жылдан бастап, оркестр Вагнер фестивалі (Германия), «Үлкен бақша жазы» (Франция) секілді ірі халықаралық фестивальдерге қатысып келеді.
Сонымен қатар Беларусь ұжымдары әлемнің атақты саханаларының бірі болып табылатын Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өткен «ТМД мүше-мемлекеттері консерваториялары симфониялық оркестрлерінің шеруіне» қатысқан болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру