• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысының екі ауданында Тәуелсіздік күні бірқатар әлеуметтік нысан ашылды

Қызылорда облысының екі ауданында Тәуелсіздік күні бірқатар әлеуметтік нысан ашылды

18 Желтоқсан, 2013 16:20
Тәуелсіздік күні Қызылорда облысының Қармақшы және Жалағаш аудандарында бірқатар нысан ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Ақай ауылдық округінде 150-орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мәдениет үйінде 10-ға жуық үйірме жұмыс жасайды, мысалы, жыр мектебі, күй мектебі, би, домбыра, бейнелеу, театр бөлімі, оған қоса, кітапхана мен концерттік залы бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Тұрмағамбет ауылдық округінде де 10-ға жуық үйірмесі бар ауылдық клуб ашылды. Естеріңізде болса, 2006 жылы ескі клуб құлап қалған болатын. Енді, міне, құны 154,0 млн теңге жаңа клуб салынды.

Дәл осы күні Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде «Жастар аллеясы» ашылды. Бұл саябақта Ауған соғысында қаза болған жауыңгерлерге ескерткіш орнатылған. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Жастар аллеясының» ашылуына қатысып, ескерткіштке гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, болашақта осы жерден Жастар орталығы салынуы жоспарлануда және Жосалы кентінде Ардагерлер үйі де бой көтереді.

Жалағаш ауданында Жаңаталап ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткен ауыз су кешені пайдалануға берілді.

Ауылдағы 200-ден астам тұрғын үйге дейін су құбырлары тартылмақ. Мұның бәрі – ауыл тұрғындарына Тәуелсіздік күніне тарту.

 

Барлық жаңалықтар