- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркі іске қосылады
ОҚО-да «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркі іске қосылады
Нәтижесінде «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркі құрылып, кәсіпкерлерге бірқатар тегін қызметтер жиынтығын ұсынғалы отыр. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың индустриалды паркке жасаған сапары барысында белгілі болды.
Аймақ басшысы Кеңес дәуірінен қалған индустриялық алпауыттың аумағындағы нысандар мен инфрақұрылымдардың жақсы сақталғанына тоқталды. Десек те, зауыттың өзін қайта іске қосу қиын шаруа. Сондықтан да, облыс басшылығы зауыттың аумағында бірқатар жаңа кәсіпорындар құру мақсатында өндіріс нысандарын кәсіпкерлерге екі айға тегін беру ісін қолға алып, жеңілдетілген баға саясатын ұсынбақ.
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубакировтің мәлімдеуінше, «Атамекен-Ордабасы» индустриалды паркі кәсіпкерлерге заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсетіп, оларды бизнес саласында оқытуды да қолға алмақ. Сондай-ақ, аталмыш мекеме кәсіп ашқысы келетіндерге ақпараттық және PR қолдау көрсетіп, жарнамалау, қаржы көзін тартуға ат салысу, бизнес-жоспар жасау сынды тегін қызметтер жиынтығын қоса ұсынып отыр.
Қала сыртында орналасқан өндіріс орнында ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісінен өзге барлық салалар үшін қолайлы жағдай жасалған. Онда тауарларға арналған қойма да бар. Бүгінде паркте 5 жоба іске асырылып жатыр. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тегін қызметтер жиынтығын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Өңір басшысы мұнан соң Шымкенттегі қорғасын зауытына атбасын бұрды. 1934 жылы іске қосылған өндіріс аумағындағы цехтар жұмыс істемей тұр.
«Қорғасын зауытының болашағы түсініксіз. Сондықтан алдағы уақытта екі зауытты да тиімді пайдаланудың тетіктерін ойластырған жөн. Егер мүмкін болып жатса, ондағы жер телімдері мен өндіріс ошақтарында жаңа өндіріс орындарын ашуды қолға алуымыз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты