• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы өткен төлемдердің сомасы 1 миллиард теңгеден артты

ҚР-да 2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы өткен төлемдердің сомасы 1 миллиард теңгеден артты

18 Желтоқсан, 2013 16:16
Миллиард теңгеден аса сомадағы төлемдерді қазақстандықтар ағымдағы жылы электрондық үкімет порталы арқылы төледі, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл көрсеткіш рекордтық болып табылады: өткен жыл бойы egov.kz арқылы транзакциялардың сомасы шамамен 140 миллион теңгені, ал 2011 жылы 19,5 миллион теңгені құраған», - делінген хабарламада.  

Бұл ретте портал пайдаланушылары көбіне айыппұлдар және өсімдерді төлеп отыр. Олардың үлесіне барлық төлемдердің 27%-ы тиесілі. Танымалдығы бойынша төлем опциясының екіншісі – көлік салығы – транзакциялардың жалпы санына 18% келеді. Үшінші орында – жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен мәмілелерді тіркеу үшін алым – төлемнің жалпы сомасының 15%-ы. Шамамен төлемнің 10%-ы азаматтық хал-актілерін тіркеу және жеке куәлік құжатын беру үшін мемлекеттік баж салығын құрап отыр. Тағы да   пайдаланушылардың 7%-ы заңды тұлғаны тіркеуге жинақты интернет арқылы төлейді. Қалған бөлігі – коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, әр түрлі мемлекеттік алымдар мен баж салықтарын төлейді.

Электрондық үкімет порталының төлем сервисін пайдалану үшін авторландырылудан басқа, тек кез келген қазақстандық банктің төлем картасы, шот-өтінімі немесе жеке шоттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.

Қазіргі уақытта egov.kz  арқылы мемлекеттік алымдардың 21, мемлекеттік баж салықтарының 17 түрлерін, салықтардың 4 санаттарын, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды, сондай-ақ мобильдік байланыстар және «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін төлеуге болады. Портал арқылы коммуналдық қызметтерге онлайн-төлемдерді Алматы, Астана және Қызылорда қалаларының тұрғындары төлей алады. 

 

Барлық жаңалықтар