- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының қоғамдық көліктері «Жүргізуші көмекшісі» жабдығымен жарақтандырылды
Алматы қаласының қоғамдық көліктері «Жүргізуші көмекшісі» жабдығымен жарақтандырылды
Қала әкімдігінде хабарлағандай, қоғамдық көліктер (барлық қалалық бағдарлар) «Жүргізуші көмекшісі» арнайы жабдығымен жарақтандырылды, ол арқылы диспетчерлер жүргізуші бағдарын қадағалап, басқару мүмкіндігіне ие болады.
«ОДБ диспетчерлері жүргізушілердің берілген бағдардан ауытқып кетпеуін қадағалайды, бағдардағы бірдей уақыт аралығын қамтамасыз етеді, барлық аралық және соңғы аялдамаларда тоқтауын қадағалап отырады. ОДБ тәулік бойы жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Әрбір диспетчерге орта есеппен 60-70 жылжымалы бірлік бекітілген. Диспетчерлер барлық аялдама пункттері, бағдардың, аралық және соңғы нүктелері, желідегі көлік құралдарының толық құрамы белгіленген қозғалыс схемасын көріп отырады және бұл оларға қозғалысты қадағалап, бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
ОДБ диспетчері «Жүргізуші көмекшісіне» қоңырау шалу арқылы жүргізушімен тікелей байланыса алады және бұзушылық себебін анықтау үшін қозғалысты басқару бөлігінде нұсқаулар береді.
Әкімдікте ОДБ қызметі, ең алдымен, қоғамдық көліктің жедел жұмысына бағытталғаны туралы айтылды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі