Алматы мен Ташкент арасын жаңа пойыз жалғастырады

17 Наурыз, 2017 10:48
Ташкентте ҚТЖ АҚ ҰҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының кездесуі аяқталды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Онда бұрын екі ел үкіметтері уағдаласқан № 1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын шығару туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық тұстары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәлелелер пысықталып, шешімін тапты:мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған орындарға 70% көлемінде өзара жеңілдік беру туралы;қол жүктері мен жүк багаждарын тасымалдау тәртібі туралы;№ 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының қатынау кестесі туралы және т.б.

Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең куовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын № 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шығатынын естеріңізге саламыз.

Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндерінде қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағ 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш и Ташкент.

Барлық жаңалықтар