- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елшісі Ресей Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Қазақстан Елшісі Ресей Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлағандай, В.Путин құттықтау сөзінде, Қазақстанның Ресей үшін сенімді дос және стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Ол екі елдің көпжақты институттар мен интеграциялық үдерістердің аясында өзара іс-қимыл арасындағы қарым-қатынастардың жағдайымен қанағаттанғандықты білдірді. Ресей көшбасшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуына қызығушылықты білдірді.
"Қазақстан – біздің сенімді дос және стратегиялық одақтасымыз. Президент Н.Ә.Назарбаевпен соңғы келіссөздер барысында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартының негізінде түрлі салалардағы өзара ынтымақтастықты арттыру ниеті расталды", – деді Владимир Путин.
Ресей президенті ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы желісі бойынша белсенді бірлескен жұмысын ескертті.
"Ресей Президент Назарбаевтың посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің көшбасшылық рөлін жоғары бағалауда. Және де біз Астанада Сирия бойынша келіссөздер үдерісін ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан басшылықтың үлесін жоғары бағалаймыз", – деді Владимир Путин.
Ресей президенті Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ресейдің қатысуын растады. "Маусым айында Ресей ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысады және күзде Челябинск қаласында өтетін XIV дәстүрлі аймақаралық ынтымақтастық форумына қазақстандық серіктестерімізді күтеміз", – дедi Ресей Федерациясының Президенті еске салды.
Путин қазақстандық дипломатты тағайындауымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Осы күні Үлкен кремль сарайының Александр залында өткен салтанатты рәсім кезінде, сенім грамоталарын 18 шет елдердің елшілері табыстады, соның ішінде Армения, Бельгия, Бразилия, Израиль, Катар, Түркия, Швейцария және т. б.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады