- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дүйсенова атыраулықтарға «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің басымдығы туралы түсіндірді
Т. Дүйсенова атыраулықтарға «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің басымдығы туралы түсіндірді
ҚР ЕХӘҚМ басшысы «АРМ АСО» жобасы қанатқақты тәртіпте 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында, 2016 жылдың қазан айында Ақтөбе облысында іске қосылғанын еске салды.
Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ, бұл ақпараттық жүйелерді қолданысқа енгізу арқылы, азаматтар ауылдық әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркеліп, қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алатындарын жан-жақты біле алады.
Бүгінгі таңда, «АРМ АСО» жобасы, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының 13 ауылдық округінде (25 мың 382 адам қамтылған) және Қорғалжын ауданының 8 ауылдық округінде (7 мың 585 адам қамтылған) қолданысқа енгізілген. Ақтөбе облысында, тиісті бағдарлама, 12 ауданда кәдеге жарауда (150 ауылдық округте 402 мың 139 адам қамтылған).
Табысты сынақ кезеңдерінен соң, «АРМ АСО» жобасы аясында ауылдық округтерден тыс, қалаларды да қамтуға жол ашатын неғұрлым ауқымды «е-Халық» ақпараттық жүйесі жасалды.
«Е-Халық» жүйесін, бірінші кезекте, еңбекпен қамту мәселелерін шешу үшін енгізіп отырмыз. Онда жұмысы бар, әлеуметтік төлемдер алатын, жұмыссыз немесе өзін жұмыспен қамтыған тұлғалардың барлығы бойынша мағлұмат болады. Екіншіден, бұл жүйе, ауылда тұратын қазақстандықтарға жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыссыз ретінде әкімдікте тіркелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сол жерде қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне иек артуға болатыны жайлы толық ақпарат ұсынылады», - деді Тамара Дүйсенова.
«Е-Халық» ақпараттық жүйесі елдімекендегі нақты халық санын анықтауды; ішкі және сыртқы көші-қон мониторингін жүргізуді; әлеуметтік әлсіз санатқа жататын және жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған азаматтар есебін жасауды; барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мәліметін жандандыруды; тұрғындар табысын жаппай қағазға түсіруді қамтамасыз етеді.
Осылайша, «е-Халық» ақпараттық жүйесінде сақталатын статистикалық және талдамалық деректерқаржыны өңірлерді дамытуға және мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға мақсатты әрі дәл бөлуге арқау болмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады